Алмалы ауданының «№3 Қалалық балалар емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы калалық коммуналдық кәсіпорны Төле би көш., 157 мекен жай бойынша, ал оңалту бөлімшесі мен күндізгі стационар Шарипов көшесі, 88 мекен жайы бойынша орналасқан.
Емхана Абай, Розыбакиева, Төле би, Фурманова көшелерінің төртбұрышында тұратын балалар тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетілетін тұрғыны 20431бала.
«№3Қалалық балалар емханасы» ШЖҚ МКК емханасының қызмет көрсету аумағында 15мектеп және 9 мектепалды мекемелер, республикалық мағынадағы мамандырылған 3 мектеп, 5 жеке мектеп орналасқан.
Алғашқы медико-санитарлық көмек учаскелік қызметпен (20 учаскі) , тар шеңберлі мамандықтағы кеңестік-емдеу көмегімен, зертханалық-диагностикалық қызметпен, физиотерапия бөлімшесімен және 5 төсек-орынды күндізгі стационармен ұсынылған. Күндізгі стационар екі ауысымда 2006жылдың сәуір айынан қызмет етеді.
№3 балалар емханасы өздік мекеме ретінде 1977жылы құрылды. Емхананың алғашқы бас дәрігері ретінде «Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері» Стояк Галина Петровна 1977-1980жылдары болды. 1980жылдан 1985жы аралығында емхананыденсаулық сақтаудың лайықты ұйымдастырушысы, денсаулық сақтауда жеткен жетістіктері үшін 2005жылы «Әлемнің үздік дәрігері» ДДСҰ кітабына енген, 2002жылы «Шапағат» медалімен марапатталған, СССР денсаулық сақтау үздігі Кененбаева Мария Кудабаевна басқарды.
Мекен-жайы:
Алматы қ. Толе би к-сі, 157
Телефоны:
Тіркелу орны телефоны:
+ 7 (727) 379-69-69;
+7 (727) 379-69-76;
+7 (727) 379-75-66;
E-mail: priemnaya_gdp3@mail.ru;
В расписании приема врачей возможны изменения!
Пікір қалдыру