№1 Қалалық емхана халыққа кең ауқымды медициналық қызмет көрсетуге негізделген, заманауи көп салалы емхана. Емхананың қызмет көрсету радиусы 8-9 км.
Емхана 43321 қала халқына қызмет көрсетеді. Олардың 15677 (36,32%) ересектер, 9323 (21,5%) балалар , 18321 ( 42,18% ) әйелдер .
Емхана аймағында 10 орта мектеп орналасқан. Ондағы оқушылардың саны-8878, сонымен қатар 3 жоғарғы оқу орны, 3 орта оқу орны, 6 балабақша бар. Емханада 20 мамандандырылған қызмет түрлері көрсетіледі: терапия, педиатрия, гинекология, неврология, кардиология, травмотология, хирургия, эндокринология, гастроэнторология, ревматология, стоматология, офтальмология, инфекция, физиотерапия, УДЗ, лаборатория, финкциональді диагностика, психология, сәулелік диагностика.
Емхана ҚР ДСМ-нің 2011-жылғы №7 бұйрығына сәйкес «Амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» бастапқы медициналық санитариялық көмек (ПМСП) көрсету қызметін атқарады:
- Емхана жылжымалы кестемен жұмыс жасайды. Сенбі күндері емханадағы кезекші дәрігерлер 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, Жексенбі күндері 8.00-14.00-ге дейін және мереке күндерінде кезекші дәрігер қызмет көрсетеді.
- Емхана ҚР ДСМ-нің 2010ж №1000 «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелген халықтың тіркелімін құру және жүргізу туралы бұйрығына сәйкес» жұмыс атқарады.
1. Бастапқы медициналық санитариялық көмек (ПМСП) аймақтық дәрігер терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, аймақтық медбике, аймақтық акушерлермен көрсетіледі.
2. Емханада арнайы мамандардан құралған кеңестік - диагностикалық бөлімше жұмыс жасайды.
3. Емханада инстументальді аспаптық тексерулерден: компьютерлік флюорография, маммография, ультадыбыстық зерттеу, артериалдық қан қысымының тәуліктік мониторингі және ХОЛТЕРлік ЭКГ жасалады.
4. Емхананың жұқпалы аурулар кабинетінің құрамында жылдың барлық мезгілінде де ауызбен суландыру бөлмесі жұмыс жасайды.
5. Халыққа бастапқы медициналық санитариялық және кеңестік - диагностикалық көмек , амбулаториялық, күндізгі емдеу бөлімінде және үйден емдеу қызметі түрінде көрсетіледі.
6. Емханада науқастарды жоспарлы түрде ауруханаларға, күндізгі емдеу бөліміне жатқызу және емдеу ҚР ДСМ-нің 2013-жылғы №492 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Емханадағы күндізгі емдеу бөлімі 20 төсек орынды, науқастарды екі ауысымда қабылдайды. Науқастарға тиісті дәрі-дәрмектер емдеу-диагностикалық стандарттарға сай тегін беріледі.
7. Емхана аймағына бекітілген тұрғылықты халыққа ДСМ-нің 2009-жылғы №630 бұйрығына сәйкес, психологиялық және арнайы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ,емханада бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің 2-кезеңіне өту мақсатында, амбулаториялық емханалық көмек бағдарламасы енгізіліп, жұмыс жасауда. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидалары бойынша, емханаға қарасты тұрғындар дәрігерлерге өз қалаулары бойынша бекітіледі, халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмектің қолжетімділігі ескеріледі және медицина қызметкерлерінің табысы емханаға бекітілген халық пен оларға көрсетілетін көмек қорытындысымен айқындалады.
Адрес:
г. Кызылорда,
ул.Абылхайырхана, 38
Телефоны:
Телефон/факс:
+7 (7242) 27-89-53,
+7 (7242) 27-86-31
Телефон доверия:
+7 (7242) 00-00-00
Email:
Главный врач:
Сералиева Рахима Аягановна,
высшая категория
Пікір қалдыру