x

Өз қалаңызды таңдаңыз

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Атырау

Жезқазған

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Петропавл

Семей

Талдықорған

Тараз

Орал

Өскемен

Шымкент

x
Жіберу

2018 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 90 препараттар делдалдарсыз жеткізіледі

Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы «СҚ-Фармациямен» тікелей шарттары шеңберінде 22 шетелдік өндірушілер дәрілік заттардың 90 атауын жеткізетін болады. Тағы бір шетелдік өндірушісімен 4 препараттарды жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Тікелей шарттар бойынша 2018 жылға сатып алудың жалпы сомасы 30,5 млрд. теңгені құрайды. Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда тіркелген аналогтары жоқ, яғни осы препараттарды сатып алу барысында бәсекелестік ортасы жоқ дәрілік заттарды тікелей сатып ала алады.

«СҚ-Фармацияның» стратегиясы және халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Шынар Кулиеваның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу кезінде тікелей шарттар жасасу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. «Шетелдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастық ерекше маңызға ие, себебі делдалдарсыз сатып алу бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуі мүмкін», - деді Шынар Кулиева.

2011 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор тікелей шарттар жасауды жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде «СҚ-Фармацияның» тұрақты серіктестері «ГлаксоСмитКляйн», «Ново Нордиск», «Пфайзер», «Новартис», «Тева» және басқалар сияқты фармацевтикалық алыптар болды. Алайда, Шынар Кулиеваның айтуынша, дәрі-дәрмектердің осындай көлемін тікелей сатып алу Бірыңғай дистрибьюторы жұмысының барлық уақытында алғаш рет мүмкін болды.

«Биыл Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі салықсыз дәрілердің 350-ден астам атауын қамтыды. Біз осы препараттардың барлық өндірушілерін тікелей сатып алуға шақырдық, ал олардың 22-і 90 дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы келісімге келді », - деп түсіндірді Шынар Кулиева.

Осы шарттар бойынша дәрі-дәрмектердің алғашқы партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жөнелтілуде.

Сонымен қатар, 2018 жылы Бірыңғай дистрибьютор халықаралық ұйымдармен дәрілік қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. АИТВ-мен ауыратын науқастарды емдеуге арналған 14 антиретровирустық препараттар ЮНИСЕФ арқылы тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін жеткізіледі. Осы жылы Бірыңғай дистрибьютор БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы вирустық гепатитті емдеуге арналған препаратты сатып алуды жоспарлап отыр. ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ-нан жалпы құны 5,8 млрд. теңгеге дәрілік заттарды сатып алынады.

Документ без названия

перейти

Пікір қалдыру