x

Өз қалаңызды таңдаңыз

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Атырау

Жезқазған

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Петропавл

Семей

Талдықорған

Тараз

Орал

Өскемен

Шымкент

x
Жіберу

Денсаулық сақтау министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған саладағы қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын анықтау үшін тәсілдерін қайта қарады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын анықтау үшін тәсілдерін қайта қарады.

Сол тұрғыдан, ғылыми-техникалық бағдарламалар тақырыптарын іріктеу және анықтау үшін жаңа тәсілдер әзірленді. Осы критерийлер негізінде мемлекеттік органның Ғылыми кеңесінде бес ғылыми-техникалық бағдарлама бекітілді. Олар: «Бірқатар маңызды ауруларды симптомға дейінгі диагностикалаудың және емдеу әдістерінің жаңа молекулярлық-генетикалық әдістері»; «Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аумақтарындағы халықтың экологиялық жүктемесін азайту, медициналық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау мен сауықтырудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу»; «Функцияларын ауыр түрде жоғалту және күрделі асқынулармен жарақаттар салдары мен созылмалы ауруларды емдеу нәтижелерін жақсартуға арналған жаңа медициналық технологиялар»; «Қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу және «Регенеративтік медицинада дің (мезенхимальдық) жасушаларын транспланттау».

Ұсынылған ғылыми-техникалық бағдарламалар отандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешуге, шетелдік стратегиялық әріптестерді тартуға бағытталғандығын, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және Ұлттық ғылыми кеңестің оң қорытындысын ескеріп, Министрлік 2017 жылғы сәуірде бағдарламаларды конкурстан тыс қаржыландыру үшін ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қарауына енгізді.

2017 жылғы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің қаулысымен конкурстық процедуралардан тыс Министрліктің ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді. ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамасымен осы 5 бағдарлама  мақұлданды.

Документ без названия

перейти

Пікір қалдыру