x

Өз қалаңызды таңдаңыз

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Атырау

Жезқазған

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Петропавл

Семей

Талдықорған

Тараз

Орал

Өскемен

Шымкент

x
Жіберу

Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның қызметкерлері үшін құқықтық жалпы оқыту өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның қызметкерлері үшін құқықтық жалпы оқыту өткізілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен шақырылған өкілі - Әлеуметтік-экономикалық сала мәселелері бойынша заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасының бас сарапшысы Серік Әбдіханұлы Байтленов қатысушыларға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу ретін түсіндірді. Ол заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу кезінде мемлекеттік органдар кезігетін проблемалық мәселелерге тоқтала кетті.

Құқықтық жалпы оқытудың қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Мадияр Нұрханов халықаралық шарттарды жасау тәртібін түсіндірді.

Іс-шара мемлекеттік органның жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде құқықтық жалпы оқытуды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Документ без названия

перейти

Пікір қалдыру