x

Өз қалаңызды таңдаңыз

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Атырау

Жезқазған

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Петропавл

Семей

Талдықорған

Тараз

Орал

Өскемен

Шымкент

x
Жіберу

Оңтүстік Кореяда қазақстандық медициналық туризмнің артықшылықтары туралы айтылды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдері 21-22 қарашада Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін «Жаһандық денсаулық сақтау және медициналық туризм» тақырыбындағы 8-конференцияға қатысуда.

Аталған конференция – Азия континентінде болып жатқан, денсаулық сақтау және медициналық туризм саласындағы соңғы  инновациялармен және жаһандық трендтермен танысуға мүмкіндік беретін ірі  шара. Бұған дейінгі «Medical Korea 2016» конференциясына әлемнің 25 елінен 2 мыңнан аса менеджер қатынасқан болатын. 

Шараны Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда.

Бүгін жаһандық денсаулық сақтау маркерлеріне арналған тақырыптық сессиялар аясында ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Ысқақова шетелдік әріптестеріне медициналық туризмді дамыту аясындағы қазақстандық денсаулық сақтау саласының артықшылықтарын, басым факторларын таныстырды.

Айман Ысқақова өз таныстырылымында атап өткендей, Қазақстан 9 басым факторға, яғни артықшылықтарға ие, оның ішінде сапалы қызмет көрсету үшін медициналық орталықтарды жабдықтауды, жоғары технологиялық қызметтер құнының қолжетімділігін,   демалыс ұйымдастыру, туризм және спортпен айналысу үшін керемет табиғи ресурстарының болуын, елдің географиялық тұрғыда тиімді, ыңғайлы орналасуын, туристтер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ түрлі археологиялық, тарихи, және мәдени ұлттық көрікті жерлерінің көптігін атауға болады.

«Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық сапа стандарттарына сай келуі айтарлықтай маңызды аспекті боп табылады», - деп атап өтті спикер. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұлттық аккредиттеуші орган ретінде халықаралық тұрғыда танылды. Сондай-ақ, Қазақтанда Joint Commission International (JCI) халықаралық сапа стандарттары бойынша аккредиттелген 7 ұйым қызмет етеді. JCI аккредиттелген ұйымдар саны жағынан алып қарағандағы рейтинг бойынша біздің еліміз 25-орында.

Шара бағдарламасында қазақстандық менеджерлердің бірқатар  семинарлар мен сессияларға қатысуы,  делегациялардың KHIDI өкілдерімен бизнес-кездесулері, медициналық орталықтар мен көрмелерді аралауы жоспарланған.

Документ без названия

перейти

Пікір қалдыру