Парламентте сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері тыңдалды
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде республиканың елді мекендерінде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері тыңдалды.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Астана клубы отырысының қатысушылары алдында Елбасының сөз сөйлеуі кезінде әлемде тұщы судың жетіспеушілігіне, онымен күресте мемлекет аралық қарама-қайшылық мәселелеріне назар аударғаны жөнінде атап өтті. Географиялық орналасу жағынан Қазақстанда да су тапшылығы бар және Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей трансшекаралық өзендеріне тәуелділігі бар.
«Адам денсаулығын сақтауда судың рөлі жоғары екендігі сөзсіз, оны жеткіліксіз пайдалану немесе сапасы сәйкес келмейтін суды пайдалану кезінде аурулардың даму қаупі туындайды. Елбасы бастамашылық еткен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мемлекет тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жақсара түсті, жұмыс істемейтін су құбырларының үлес салмағы 2 еседен аса - 2011 жылы 99-дан 2016 жылы 43 дейін қысқарды, А вирусты гепатитпен сырқаттанушылықтың 23 есеге, жіті ішек инфекциясымен 2 есеге дейін төмендеуі байқалады», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, ол, қолда бар позитивті нәтижелерге қарамастан, адам денсаулығына теріс әсер ететін бірнеше проблемалар бар екендігін айтып өтті. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының 68 елді мекенінің тұрғындары (тұрғындардың 0,2%) бұлақтар мен шағын өзендерден тазартылмаған суды ауыз су ретінде пайдалануға мәжбүр.
«Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының жеке елді мекендерінде су дайындау құрылыстары қайта құруды және күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді, нәтижесінде оларда суды тазарту тиімділігі өте төмен, ауыз су сапасына талап етілетін параметрлерге жетпейді», - деп атап өтті вице-министр.
Бұл ретте, ластанған суды пайдалану жіті инфекциялық ауруларының туындауына себепкер болуы мүмкін, сонымен қатар, алшақтау салдары ретінде адамның негізгі өмірлік қызмет функцияларына да әсерін тигізуі мүмкін. Су сапасының халық денсаулығына ықпалының осындай себеп-салдар байланысы Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында расталуда, бұл жерде минералдаудың жоғарылығымен және ауыз судың қаттылығымен қатар бүйректегі тас аурушандығының жоғарылығы белгіленген.
«Ауылдық елді мекендерде әкімдіктер жанында сумен жабдықтау объектілеріне қызмет көрсетуге арналған және барлық деңгейлерде өндірістік зертханалық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдарды құру жөніндегі Министрліктің ұсыныстары «Ақ бұлақ» бағдарламасына енгізілген болатын. Бірақ, сумен жабдықтау объектілерін балансқа қабылдау және кейін оларға қызмет көрсету мәселесі іс жүзінде барлық аймақта өзекті болып қалуда»,-деп баса айтты вице-министр.
Вицеминистрдің айтуынша, бүгінгі таңда 120-дан астам су құбыры және 600-ден астам орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзі ведомстволық жабыдықталмаған, 130-дан астам су құбыры өндірістік бақылаумен қамтылмаған. Баланс ұстаушылардың және қызмет көрсету ұйымдарының болмауы сумен жабдықтау объектілерінің санитариялық-техникалық жағдайына әсер етеді. Бұдан басқа, апаттарды жою бойынша жедел шараларды қабылдамау, жүйелерді жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізбеу ауыз суды екінші рет ластауға, сонымен қатар, тұрғындардың ауруға шалдығуына әкеледі. Бұнымен қоса, осындай жағдайда иесіз объектіге тексеру жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Кез келген уақытта қауырт эпидемиологиялық жағдайдың туындауын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарға сумен жабдықтау объектілерін талаптарға сәйкес келтіру және иесіз сумен жабдықтау объектілерін балансқа тапсыру, оларға қызмет көрсету үшін ұйымдарды анықтау, сонымен қоса барлық сумен жабдықтау көздері мен жүйелерін өндірістік бақылаумен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажет.
Қызмет көрсетілетін халық саны 2 мыңға дейін елді мекендерде орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері бақылаудан алынғанын айта кету керек. Сонымен қатар, соңғы жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жиілігі жылына 1 ретке дейін қысқартылған болатын. Бұл тұрғыда алдын алу шараларын іске асыру, талдау жүргізу және су сапасының халық денсаулығына ықпалының себеп-салдар байланысын анықтау қиын.
«Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде аймақтарға, аудандық деңгейдегі объектілерді қоса алғанда, өндірістік бақылауды ұйымдастырып, жүргізуге көмегін көрсетуге дайын. Осыған байланысты, бақылауды күшейту мақсатында, депутаттарды, мүдделі мемлекеттік органдарды және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары топқа орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері және тұрғындарға қызмет көрсету тәуелділігіне қарамастан барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілеріне тексеру жиілігін қарастыру туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдауды сұраймын»,- деді сөзін қорытындылай келе вице-министр.