x

Өз қалаңызды таңдаңыз

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Атырау

Жезқазған

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Петропавл

Семей

Талдықорған

Тараз

Орал

Өскемен

Шымкент

x
Жіберу

«СК-Фармация» 2018 жылға арналған орфанды препараттарды бірінші кезекте сатып алатын болады

Бүгін 2018 жылға арналған дәрілік заттарды сатып алу  тендері шеңберінде тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерге қатысты жасаған ескертулерді жою бойынша толықтыруларды ашу рәсімі болып өтті. Сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында рәсім Бірыңғай дистрибьютордың ғаламтор ресурсында және Facebook желісіндегі ресми аккаутында онлайн тәртіпте трансляцияланады.

Өтінімдерін толықтыру мүмкіндігі рәсімдердегі  бейтараптылық пен алаламаушылыққа кепілдік беру мақсаында  дәрілерді тасымалдаушы әлеуетті өнім берушілерге берілді. Себебі, тендерлік комиссия ескертулерін түзету құқығы тендер қатысушыларын негізсіз ауытқыту құқығын болырмайды.

Енді 4 желтоқсанға дейін тендерлік комиссия мен салалық сарапшылар тендерлік өтінімдерге толықтыруларды қарайтын болады. Өтінімдерін заңнама талаптарына сәйкес  тиісті қалыпқа келтірген барлық әлеуетті өнім берушілер 2018 жылы қандай компаниялардың медициналық ұйымдарға  тегін орфанды дәрілерді жеткізетіндігін анықтайтын бағаны төмендету аукционына жолдама алады.

2018 жылға арналған  тендерлік рәсімдер шеңберінде қазіргі таңда сирек кездесетін сырқат түрлерін емдеуге қажетті дәрілер сатылып алынуда. Бірыңғай дистрибьютор арқылы бірінші кезекте  сатып алынатын  орфанды препараттар тізіміне 45 дәрілік заттың еніп отырғандығын айта кетейік.

Бірыңғай дистрибьютордың аталған дәрілерді сатып алуға осыншалықты көңіл бөлуі сирек сырқаттармен ауыратын пациенттердің өмірінің кейде осы препараттарға тікелей  тәуелділігінде  болып отыр. Бұл препараттардың құны аса жоғары, әрі олар  әдеттегі дәріханаларда сатылмайды.

Анықтама үшін: Орфандық препараттар – пациенттің денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіретін сирек кездесетін аурулар мен жағдайларды емдеуге арналған дәрілік заттар. Препараттардың  орфандық немесе «сироттық» деп аталу себебі нарықтық экономика жағдайында  фармацевтикалық өндіріс науқастардың аз көлеміне арналған дәрілік заттарды өндіріп, сатылымға шығаруға құлықсыз. Сирек кездесетін (орфанды) аурулар – бұл адам өміріне қауіп төндіретін созылмалы аурулар. Олардың сирек кездесетіндігі соншалықты, аурудың алдын алу, олардан болатын өлім-жітімді азайту, осындай науқастардың өмір сүру сапасын арттыру үшін арнайы күш салу қажет. 

Документ без названия

перейти

Пікір қалдыру